"Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Ақан ауылының негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Основная средняя школа села Акан отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области" 

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Зиянды заттардың зардабы

30.01.2019

Зиянды заттар зардабы


            Мақсаты: Оқушыларды жаман әдеттерден сақтандыру, ішімдік пен темекінің жас организмге зиянды, әр – түрлі жөтел, асқазан тері аурулары осы никотин мен алкогольдің әсерінен екенін түсіндіру.
Жас бүлдіршіндерді мектеп партасынан - ақ жаман әдеттерден аулақ болып, өскен ортадан тек қана жақсы әдеттерді бойына сіңіруге баулу.
Көрнекілігі: Қажетті әдебиеттер, буклет, слайд, оқушылардың өз шығармашылығынан салынған суреттері.

1. Темекінің зияны.
2. Есірткі адамзаттың соры.
3. Арақтың түрлері.


            Темекінің зияны.“ Темекі шегу – адамның орынсыз тілегінен туған бақытсыздық” – деген белгілі фармакологы И. М. Догель. Өйткені адам баласында темекіге деген табиғи қажеттілік жоқ.
Еуропаға темекіні Колумбтың матростары әкелгені тарихтан белгілі. 1992 жылы еуропалықтар осы қайғылы датаның 500 жылдығын атап өтті. Ал африка халқы оның дәміне бірнеше ғасыр бұрын тартқан болатын. Темекінің Еуропада кеңінен таралуына француз халымыз Жан Ника да себепкер болды. Ол теңізшілер әкелген темекі дәндерінен бірінші рет темекі өсіріп, өзінің атымен аталған “барлық ауруға қарсы ем ”- никотинді тапты.
            Темекі түтіні – темекінің жауынан пайда болған өнімдер, олар ауада қалықтаған өте майда құрғақ тоздан және миллимикронмен өлшенетін көлемдегі сұйықтық тамшылары түрінде болады. Темекі түрінің құрамы бірнеше жүздеген заттардан тұрады. Оның ішінде өте улы никотин, көміртегі тотығы, аммиак, күкіртсутегі, формальдегид, фенол, түрлі қышқылдар, қорғасын мышьяк, сынап, кадмий, кобальт, радиоактивті элементтер құрамында канцерогенді бензопирен бар темекі шайыры сияқты элементтер бар.
Осы аталған заттардың кез келгені адам ағзасына зиянын тигізбей қоймайды.

            Темекі құрамындағы заттар.
Темекі түтігінде 4000 - нан астам химиялық элементтер бар, оның 40 - тан астамы онкологиялық ауруларға себеп болатын улы заттар.
Шайыр – түтін арқылы адам өкпесіне түседі. Түтін конденсация ұшырап, 70% шайыр өкпеде қалады.
            Никотин – адамның тәуелділігін жылдам қалыптастыратын есіркелік зат. Темекі түтіндегі никотиннің қанға сіңуінен физиологиялық эффект пайда болады, бұның нәтижесінде жүректің соғуы жылдамдап, қан қысымы жоғарлайды.
СО көміртегі – исі мен дәмі жоқ улы газ. Оны адам еш сезбейді, әйтсе де көп мөлшері адамға қауіпті. Ол темекіні тұтатып, ішке тартқанда пайда болады және қандағы гемоглобинмен әрекеттесіп, оттегінің орнын алмастырып қандағы оның мөлшерін төмендетеді. Мүшелер мен ұлпада оттегінің жетіспеуі, ең алдымен, жүрек қан тамыр ауруларын және қан айналымын бұзады.
Кадмий – жоғары улы металл, батарейкаға пайдаланылады.
Формальдегид - өте улы зат, өлі денелерді сақтауға пайдаланылады.
Ацетон – еріткіш, тұрмыста кеңінен пайдаланылады.
Бензол – еріткіш, химиялық өнеркәсіпте пайдаланылады.
Мышьяк - өте улы (кеміргіштерді құрту үшін пайдаланады).

Темекі шегудің зияны туралы жанжақты, әсерлі әңгімелеп беру қазіргі жасөспірімдерде оған деген тұрақты теріс көзқарас, қабыл алмау сияқты әсерлер туғызуы неғайбыл. Қазіргі жасөспірімдерге ол жеткіліксіз. Сондықтан да ата – аналар, оқытушылар, дәрігерлер бірлесе отырып “әдемі өмірдің” сәніне айналған, денсаулыққа, қоғамдық моральға орын қалдырмай отырған темекі шегумен бітіспес күреске шығуы керек.

            Есірткі адамзаттың соры.
Адамдарды нашақорлыққа баулу – қылмыстың ең соры. Олар бірлі - жарым адамды ғана қан ақсатып қоймайды, бүкіл ел мен ұлттың тамырына балта шабады. Бұл біздің жас мемлекетіміз үшін соғыс апатымен тең. Оған қарсы неге күш біріктіреміз? Неге күреспейміз?
Күні кешеге дейін нашақорлық деген атау қазақ ұғымында болған емес. Маскүнемдік те бізге жат еді. Қоғамдық орта да, табиғат та таза, тұнық болатын. Ластықтан жиіркенетінбіз. Есірткі миды құрғатып, кептіріп жібереді. Қыздырмаға ілескен сорлы аз уақытта бір жола мәңгіреді. Есірткісіз бір сәт те тұра алмайтын халге жетіп, тірі өлікке айналады. Отан, ата - ана, құрбы құрдас дегенді білмейді де сезбейді. Олардың бұл дүниеден кешетіні – азап.

            Есірткі және денсаулық.
Дәрігерлердің айтуына қарағанда, есірткі миды құрғатып, кептіріп жібереді. Гашиш шеккен адамдардың жүрек соғуы мен тамыр соғуы артады. Созылмалы қан тамыр аурулары барларда (инфаркт) тамыр бітелу болды. Ұзақ уақыт апиын тартқандарда тыныс жолы аурулары пайда болады. Сонымен бірге жүрек, ми, бүйректерде де зиянды зардап туғызады.
Гашиш адамның денсаулығын зияндап қана қоймай, оны қылмысқа да итермелейді. Медициналық мақсатта мүлде қолданылмайтын есірткіні шегу адамды жындануға, тіпті өлімге дейін итермелейтін жаман әдет.
Кокаин қолданған кезде орталық жүйке жүйесіне ықпал жасайды да, жүрек соғуы тездейді, қан қысымы артады және тыныс алуы жиілейді, көп қолданылса өлтіреді.
Ұзақ жылдар бойы кокаин қолданғандарда ұйқысыздықтың, рухани қалыпсыздық, өзін өлтіруге бейімделу байқалады. Кокаиннің жүрек бұлшық етті және сүйек қаңқасы бұлшық еттеріне уытты ықпалы бар.

Есірткі қайдан алынады?
Есірткі тобындағы заттар, көбінесе көкнәр өсімдігінен екі түрлі жолмен жасалады.
1. Көкнәр өсімдігінің ұрық қабығы пісуден бұрын, пышақпен тілгенде аққан сұйықтың күнге кептірілуінен жасалатын апиын сағызынан өндіріледі.
2. Піскен ұрық қауашағының құрғақ артықтарынан өндіріледі.

Героин деген не?
Екі рет қолдан өтуі арқылы өндіріледі. Медициналық мақсатқа мүлде қолданылмайды. Жасалуы да заңсыз. Героин есірткінің 90% болып табылады. Өте қысқа уақытта тым аз мөлшері құмарлыққа апарады. Героиннің ұнтақ түрін искеу, ал суға ез індісін тамырға құю арқылы пайданы лады.

Басқа да құмарлық тудыратын заттар.
Морфий мен кофеин медицинада ауру басу үшін қолданылады. Гашиш үнді сорасы өсімдігінің түбірі, жапырағы және гүлінен өндіріледі. Құрғақ жапырақтарын темекіге орап тарту ең көп көлемде қолданылатын түрі. Гашиш қолданған адамдарда мишық қызметі бұзылады. Заттар кейде үлкен, не кіші көрінеді. Сондықтан жол апаттарына көп ұрынады.
Кокаин Оңтүстік Америкада өсетін кока өсімдігінің жапырақтарынан жасалады. Ақ, мөлдір тұз сияқты ұнтақ 200 кг кока жапырағынан 0, 5 кг кокаин алынады.

Нашақорлар жөніндегі соңғы жаңалықтар.
Соңғы мәліметтерге жүгінсек, республика бойынша 20 мыңнан аса нашақордың бар екені анықталып, тіркеуге алынған.

Просмотров: 764


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст